НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілікрейтингте 106-орында тұрған Е.Рыбакина ширек финалдаосы турнирдің екінші, әлемнің 54-ракеткасы, словакиялық Виктория Кузьмоваменкүш сынасты.
Бірінші партиятартысты өрбіп, тай-брейкте қазақстандық теннисші басым түсті – 7:6 (7:4).
Екінші сеттеРыбакина есесін жібермеді – 6:3.
Бәсеке сағатжарымға созылды.
Е.Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 132-ракеткасы, чехиялықБарбора Крейчикова немесе рейтингте 211-сатыдағы италиялық Мартина Ди Джузеппеніңбіреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптықсында Нұр-Сұлтан жарысының жартылай финалына шыққанын және бүгін финалына өткенінжазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).