Көш басында әлемнің бірінші ракеткасы, аустралиялық
Эшли Барти келеді.
Е.Рыбакина мұндай табысқа Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетуі нәтижесінде қол жеткізді. Онда ол финалда ғана дәл осы Э.Бартиге жол берген болатын.
Қазақстандық теннисшінің енді Сидней мен Аустралия ашық чемпионатында жолы болса, көрсеткішін одан әрі жақсарта алады.
Сонымен, WTA чемпиондық рейтингісінің үздік ондығына
мыналар кірді:
1. Эшли Барти (Аустралия) — 470.
2. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 305.
3. Симона Халеп (Румыния) — 280.
4. Аманда Анисимова (АҚШ) — 280.
5. Александра Саснович (Беларусь) — 198.
6. Игра Свёнтек (Польша) — 185.
7. Мисаки Дои (Жапония) — 185.
8. Вероника Кудерметова (Ресей) — 180.
9. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 128.
10. Наоми Осака (Жапония) — 110.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның
Аделаида турнирінде әлемнің бірінші ракеткасынан жеңіліп
қалғанын, қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық
чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған
болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Недовесов Мельбурн турнирінің
финалына дейін жетті.
Е.Рыбакинаәлемдік рейтингіде үздік ондыққа жақындады.