НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Елена Рыбакина Люксембург WTA турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 43-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 26-ракеткасы, германиялық Юлия Гергеспен күш сынасты.
Бірінші партияда германиялық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.
Ол екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры осы брейк жеткілікті болды - 6:4.
Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.
Өткен жылы осы жарыста үздік шыққан Ю.Гергес финалда латвиялық Елена Остапенкомен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Венада іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).