НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыбакина Сидней (Аустралия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Е.Рыбакина бастапқы кездесуін әлемнің 18-ракеткасы, өткен жылғы US Open чемпионы, ұлыбританиялық Эмма Радуканумен өткізді.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Небәрі 55 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 4 эйс жасап, бес брейкке қол жеткізді.
Е.Рыбакина екінші айналымда франциялық Каролин Гарсиямен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, қазақстандық қос жасөспірім теннисшінің алғаш рет Аустралия ашық чемпионатында ойнайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі «Мастерс» рейтингінде көш бастап келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).