НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Юрмала (Латвия) WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүйсенбіде дүниежүзілікрейтингте 65-орынға көтерілген Е.Рыбакина алғашқыайналымда әлемнің 154-ракеткасы, қытайлық Хань Син-Юньмен кездесті.
Қазақстандықтеннисші небәрі 50 минутқа созылған матчта 6:1, 6:2есебімен жеңіске жетті.
Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін 2017 жылғы Ролан Гарростурнирінің жеңімпазы, әлемнің 83-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесерейтингте 74-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның біреуімен таласады.
Жүлде қоры 250 мың еуроболатын Юрмала турнирі 28 шілдеде мәреге жетеді.
Ескесала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бухарест жарысының жеңімпазыатанғанын, Александр Бубликтің Ньюпорт турнирінің финалында жеңіліпқалғанын жазған болатынбыз.
Әлемнің71-ракеткасы А.Бублик Атланта (АҚШ) ATP додасының бірінші айналымында рейтингте57-орындағы америкалық Рейлли Опелкамен күш сынасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).