Теннис: Елордада балалар арасында Азия командалық біріншілігінің финалы өтеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 22-27 қарашада «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейін балалар арасында Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан теннис федерациясынан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Жүлделі орындар үшін Қазақстан, Ливан, Өзбекстан, Иордания, Үндістан, Пәкістан, Таиланд, Иран және Малайзия таласады.

Қазақстан құрамасы мына ойыншылардан жасақталды.

Қыздар:

Ева Корышева (Ақтөбе),

Эвелина Балаганская (Алматы),

Сабина Шухратова (Шымкент).

Капитаны Мәдина Рахим.

Ұлдар:

Ярослав Пшеничный (Нұр-Сұлтан),

Родион Трайгель (Қарағанды),

Мадияр Тағыбеков (Нұр-Сұлтан).

Капитаны Ойбек Әбдірахымов.

О.Әбдірахым айтулы додада әлсіз қарсылас болмайтынын, барлық командалардың тыңғылықты дайындықпен келетінін жеткізді.

Құрлықтық біріншілік елордада осымен төртінші рет өткелі отыр. 2019 жылы қазақстандық қыздар Полина Слепцова, Зара Дәркен және Іңкәр Дүйсебай команда құрамында чемпион атанса, ұлдар қола медальға ие болды.

Турнир Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың бастамасымен өтіп келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.