Теннис: Галина Воскобоева Луганодағы жарыстың жартылай финалында жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Швейцарияның Лугано қаласында өтіп жатқан турнирде жұптық бәсекенің жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды SPORTINFORM САА тілшісі.

Галина Воскобоева мен Плишкова Бельгия өкілдері Кирстен Флипкенс/Элиза Мертенске 3:6, 5:7 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, Галины Воскобоева жарақатына байланысты ұзақ уақыт емделіп, бір жылдан соң тенниске оралған болатын.