НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Франциядағы Кемпер челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жұп финалда хорватиялықтар Иван Сабанов және Матей Сабановпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Голубев пен А.Недовесов 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандықтар финалға дейін үш кездесу өткізіп, қарсыластарын тізе бүктірген болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің сегізінші мәрте Аустралия чемпионы атанғанын, қазақстандық теннисшілердің рейтингте жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).