НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жұп финалда оңтүстіккореялық Чунг Юн-Сонмен және Нам Джи Сонмен кездесті.
Голубев пен Недовесов екі партияда да 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандықтар жекелей сында мұндай нәтижеге жете алмай, жарыс жолынан ерте шығып қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубев пен А.Недовесовтің Нұр-Сұлтан турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).