НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Прага челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандықжұп жартылай финалда германиялық Андре Бегеманн мен румыниялық Флорин Мерджаменкүш сынасты.
Голубевпен Недовесов 1 сағат 7 минутқа созылған матчта қарсыластарын 6:4, 6:2 есебіментізе бүктірді.
Қазақстандықтарфиналда франциялық Том Жомби мен бразилиялық Фелипе Мелихени Родригес Альвеснемесе уругвайлық Ариэль Бехар мен эквадорлық Гонсало Эскобар жұбының қайжеңгенімен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубев пен А.Недовесовтің Нұр-Сұлтанжарысында жеңімпаз атанғанын, Елена Рыбакинаның Юрмала турнирінің ширекфиналына шыға алмағаны н жазған болатынбыз.
h
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).