Теннис: Голубев пен Недовесов Прага турнирінің финалында ұтылып қалды
17:46, 27 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Прага челленджер турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жұпфиналда уругвайлық Ариэль Бехар мен эквадорлық Гонсало Эскобармен күш сынасты.
Голубев пенНедовесов жарысқа арнайы шақыртумен келсе, қарсыластары турнирдің үшіншіракеткалары еді.
Бірінші партия тартыстыөрбіп, тай-брейкке дейін жетті. Онда қазақстандық жұп жеңіске жетті – 7:6(7:4).
Екінші сеттеугугвайлық-эквадорлық жұп брейк жасап, алға шықты – 2:1. Қазақстандықтарқарсыласып баққанымен, олар дегеніне жетті – 7:5. Содан кейін Бехар мен Эскобар10:8 есебімен матчты түйіндеді.
Бәсеке екі сағатқасозылды.
Ескесала кетейік, бұдан бұрын А.Голубев пен А.Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінде жеңімпаз атанған болатын. Кейін олар Прагадағы жарыстың финалына шықты.