АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның спорт шебері, әйелдер құрамасының мүшесі Камила Керімбаева қанынан допинг табылғаны үшін екі жылға теннистен шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Керімбаеваның қанынан тиым салынған meldonia табылған. Осыған байланысты теннисшіні 2019 жылғы 24 қыркүйекке дейін жарыстардан шеттеткен.
Камила Керімбаева Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшесі, Федерация кубогының (2015, 2017) және Азия ойындарының (2014, 2017) мүшесі. Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мельдоний қолданғаны үшін Арсан Арашов та екі жылға жазаланған еді.
Фото prosports.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.