Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин хорватиялық Иван Додиг және Никола Мектичпен кездесті.
Тартысты өткен бірінші партияда қазақстандықтар тай-брейкте 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Әйтсе де бұдан кейін жеңісті жолын жалғастыра алмады. Екінші және үшінші партияда хорваттар 6:4 есебімен басымдылық танытты.
Төртінші партияда корт иелері 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 3 сағат 1 минутқа созылды.
Осылайша матчтық кездесуде хорваттар 2:1 есебімен алға шықты. Енді матч тағдыры жексенбі күні өтетін қос бірдей жекелей сында шешіледі. Хорваттарға сол ойынның біреуін ұтса, жетіп жатыр, әлемдік топтың жартылай финалына жолдама алады.
22:16, 07 Сәуір 2018
Теннис: Қазақстан - Хорватия матчында корт иелері алға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Вараждин қаласында Дэвис кубогы үшін Қазақстан - Хорватия матчында жұптық кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.