Теннис: Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа кірді
19:19, 11 Наурыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық теннис федерациясы (ITF ) Дэвис кубогы рейтингісіндегі көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ұлттық құрама 13-орыннан 9-сатыға көтерілді.
Осылайша Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді. Бұл Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Норвегия құрамасын жеңуі арқасында мүмкін болды. Сөйтіп әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.
Дэвис кубогының финалдық кезеңі биыл қыркүйек айында, плей-офф бәсекелері қарашада өтеді. Финал мен плей-офф ойындары болатын қалалар наурыздың аяғы не сәуірдің басында анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.