Теннис: Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осло қаласында Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төртінші кездесуде Қазақстан мен Норвегияның бірінші ракеткалары Александр Бублик пен Каспер Рууд кортқа шықты.

К.Рууд әлемнің 8-ракеткасы болса, А.Бублик 32-орында еді.

Бірінші партия барысында брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті - 6:4.

Екінші сетте К.Рууд есе қайырды - 7:5.

Үшінші, шешуші партияны Бублик брейкпен бастады - 2:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді : 6:4.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, Мадридте өтетін Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның Норвегиямен матчта алға шыққанын жазған болатынбыз.