НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әйелдер құрамасы 15-16 сәуірде елордада Билли Джин Кинг кубогы іріктеу сайысы аясында өтетін Германиямен матчқа дайындықты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қос команданың ойыншылары негізінен елордаға келіп, жаттығуға кірісті.
Ұлттық теннис орталығындағы топырақ төсенішіндегі кортты бірінші болып Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Жібек Құламбаева байқап көрді.
Қазақстан ұлттық құрамасының (капитаны Ярослава Шведова) тағы бір мүшесі Зарина Дияс астанаға бүгін түнде ұшып келіп, ертең қатарға қосылады.
Германия құрамасының капитаны Райнер Шюттлер әлемнің 17-ракеткасы Анжелика Кербер бастаған теннисшілерге сенім артты. Германия намысын сондай-ақ Юле Нимайер, Лаура Зигемунд және Анна-Лена Фридзам қорғайды. Андреа Петкович жарақатына байланысты келген жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Португалиядағы супер турнирдің финалисі атанғанын, Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).