Теннис: Қазақстан құрамасы Хопман Кубогында тағы да есе жіберді

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Үлкен теннистен Австралияның Перт қаласында өтіп жатқан Хопман Кубогы матчында кеше Қазақстан құрамасы Бельгиядан 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі берді.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова тізесін жарақаттап алуына байланысты оның орнын басқан Сесиль Каратанчева бельгиялық Жюстин Эненнен 4:6, 3:6 есебімен ұтылды. Келесі матчта Андрей Голубев Рубен Бемельманстан айласын асыра алмады, есеп - 4:6, 4:6. Сондай-ақ жұптасып өнер көрсетуде де бельгиялықтар басымдық танытты.