АСТАНА. ҚазАҚпарат - Теннистен Федерация кубогы Азия/Тынық мұхит елдері зонасының I тобында Қазақстан құрамасы Жапонияны жарыс жолынан шығарып, плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Камила Керімбаева Астанада өткен іріктеу кезеңінде жеңіске жетті. Топтық кезеңде отандастарымыз Оңтүстік Корея мен Таиланд құрамаларынан айласын асырды. Ал шешуші ойында Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесіп, тартысты айқаста 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, теннисші қыздарымыз Федерация кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Жерлестеріміз енді 2-ші Әлемдік топтың нәтижесін күтіп, жеребеден кейін өз қарсыласын анықтайды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.