Теннис: Қазақстан Швейцариямен сайысқа түседі
18:54, 11 Мамыр 2010
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Зарина Рысбаева/ - Бүгін, Лондондағы Халықаралық теннис одағының (ITF) штаб-пәтерінде ағымдағы жылғы қыркүйектің 17-сі мен 19-ы аралығында өтетін Дэвис кубогының плей-офф матчының жеребе тартуы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, жеребе барысында Қазақстан теннис құрамасының Швейцария командасымен Дэвис кубогының плей-офф матчында әлемдік топтағы орын үшін додаға түсетіні белгілі болды. Кездесу Қазақстанда қыркүйектің 17-сі мен 19-ы аралығында өтеді. Плей-оффтың басқа да жұптарына тоқталатын болсақ, бұл ауқымды тартыста Үндістан-Бразилия, Колумбия-АҚШ, Израиль - Австрия, Германия - Оңтүстік Африка Республикасы, Швеция - Италия, Австралия - Бельгия, Румыния - Эквадор командалары сайысқа түседі.