НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Juniors Billie Jean King Cup іріктеу сайыстарының ширек финалында Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Аустралиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова жекелей сында қарсыластарынан ұтылып қалды.
Жұптық сында жеңіліп жатқан аустралиялықтар бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Соған қарамастан, олар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, іріктеу сайыстарының жартылай финалына жолдама алды.
Енді алдағы дүйсенбіде Нью-Делиде 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының іріктеу сайыстары басталады.
Қазақстан намысын Данир Қалдыбеков, Әмір Оралханов және Виталий Зацепин қорғайтын болады. Капитаны – Жансұлтан Чемботаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисшілердің Мароккодағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің үшінші айналымына өте алмады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).