НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Шарлоттсвилль (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 212-орында тұрған Д.Попко жартылай финалда осы жарыстың бірінші, әлемнің 99-ракеткасы, канадалық Брейден Шнурмен кездесті.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда брейкпен алға шықты. Ақыры сол басымдылығын уысынан шығарған жоқ – 6:3.
Есесіне екінші сетте канадалық спортшы 3:0 есебімен алға кетті. Б.Шнур тағы бір брейк жасай алды – 6:1.
Үшінші, шешуші партияда Б.Шнур алдымен брейк жасағанымен, Д.Попко теңестіре білді – 2:2. Канадалық теннисші тағы бір брейкпен алға шықты – 4:2. Содан кейін матчты жеңіспен аяқтады – 6:4.
Тартысты бәсеке 1 сағат 55 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).