АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Теннистен Австралияның ашық чемпионаты биыл қазақстандықтар үшін сәтті болып отыр.
Соның бір дәлелі - екінші айналымда Галина Воскобоева Болгарияның үкілі үміті, әлемдік рейтингте 35-орында тұрған Цветана Пиронкованы ұтты.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, жеңіс екі партияда 6:4, 6:4 есебімен Галинаның пайдасына шешілген. Бірінші айналымда ол бельгиялық Я.Викмайерді жеңген болатын.
Үшінші айналымда Г.Воскобоева польшалық Агнешка Радваньска (8-орын) мен аргентиналық Паула Ормаэчеаның қай жеңгенімен кездеседі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).