АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық үш теннисші Еуропада өтетін турнирлерге қатысады.
Чемпионат.ком сайтының хабарлауынша, Юлия Путинцева Нюрнберг қаласында (Германия) өтетін турнирдің 8-ші ракеткасы болып тіркелген. Оның алғашқы қарсыласы іріктеу сайыстарынан өткен теннисшілердің бірі болмақ.
Ярослава Шведова мен Зарина Дияс Страсбург (Франция) қаласында бақ сынамақ. Я.Шведова франциялық Каролин Гарсиямен, З.Дияс америкалық Шелби Роджерспен шеберлік байқаспақ.
21 мамыр күні мәреге жететін қос турнирдің де жүлде қоры - 226750 АҚШ доллары.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).