ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші, жиырма жасар Зарина Дияс Страсбургте өтіп жатқан ірі халықаралық турнирді сәтті бастады.
Қазақ қызы бірінші айналымда осы турнирде үшінші болып тіркелген әлемнің 22-інші ракеткасы, 28 жасар бельгиялық Кристен Флипкенсті 2 сағат 2 минутқа созылған тартысты кездесуде 6:2, 6:7, 6:3 есебімен ұтты.
Екінші айналымда З.Дияс хорват қызы Айла Томляновичпен кездеседі.
Қазіргі кезде әлемдік рейтингте 96-орындағы Зарина үшін бұл жарыс та маңызды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).