НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азия теннис федерациясы (ATF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жекелей сында қазақстандықтар көш бастады.
Ұлдардан Нұр-Сұлтан қаласындағы теннис мектебінің түлегі Ерасыл Бақтияр, қыздардан алматылық Полина Слепцова бірінші сатыға көтерілді.
Ерасыл биыл ATF сериясы бойынша өткен бес турнирге қатысты. Тамызда Шымкентте өткен Shymkent Open ATF14Under Junior Grade A жарысында қазақстандық жас теннисші чемпион атанса, бір апта бұрын Өскемендегі додада финалға дейін жетті.
Сондай-ақ П.Слепцова 2021 жылы ATF сериясы бойынша төрт турнирге қатысып, бәрінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Shymkent Open ATF14Under Junior Grade A және Almaty ATF&14 Under Junior Grade 2 жарыстарында ол жеңімпаз атанса, қалған екеуінде үздік үштікке ілікті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Уругвайдағы турнирдің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).