НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Е.Рыбакина бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 110-орында тұрған, додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған бельгиялық Гретье Минненмен өткізді.
Қазақстандық теннисші 7:5, 6:4 есебімен екі партияда жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 33 минутқа созылды.
Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, словениялық Полона Херцог немесе рейтингте одан бір саты төмен орналасқан франциялық Ализе Корненің біреуімен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Гамбургте негізгі турнирге өте алмағанын, Д.Попконың Ролан Гаррос доасының іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).