НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясының (ITF) шешімімен Федерация кубогы үшін плей-офф кезеңіндегі Аргентина – Қазақстан матчы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, әлемнің сегіз елінде 17-18 сәуір күндері өтуге тиіс плей-офф турнирінің басқа да матчтары кейінге шегерілді.
Турнирдің балама мерзімдері кейін жарияланатын болады.
Сонымен қатар ITF Мажарстанда өтуі тиіс Федерация кубогының финалын да кейінге қалдырды. Халықаралық теннис федерациясы финалды өткізуге ниетті. Сол бағытта мүдделі ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде.
Оған қоса коронавирус індетінің таралуына байланысты Futures сериясындағы жарыстар кемінде 20 сәуірге дейін, ал Challenger, ATP және WTA турнирлері 2 мамырға дейін өтпейді.
Сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласында ерлер арасындағы челлендж турнирі де аяқталмай қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).