АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин Финикс (АҚШ) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы ширек финалда әлемнің 86-ракеткасы, чилилік Николас Харримен кездесті.
М.Кукушкин қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды.
Михаил Кукушкин финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтинте 168-орында тұрған италиялық Сальваторе Карузомен күш сынасады. Ол ширек финалда осы турнирдің бірінші, әлемнің 21-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенді ұтып кетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Индиан-Уэллс турнирінің алғашқы айналымынан аса алмағанын, Финикс жарысының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).