Теннис: Кукушкин Дубай турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Дубай ATP 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 96-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 217-орында тұрған франциялық Максим Жанвьемен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басымдылық көрсетсе, екіншісінде М.Жанвье есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші сетте М.Кукушкин айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 162-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиноны жеңсе, негізгі турнирге өтеді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик осы Дубай додасының алғашқы айналымында рейтингте 59-сатыдағы жапониялық Есихото Нисиокамен күш сынасады. Дәл осы теннисшіні А.Бублик жуырда Сингапур жарысында ұтқан болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Д.Евсеев бүгін ресейлік Константин Кравчукпен бірге финалда тартысты бәсекеде нидерландылықтар Сэм Вербик– Йеспер де Йонгке 1:6, 6:3, 5:10 есебімен есе жіберді.