АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 87-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Кицбюэль (Аустрия) турнирінің екінші айналымында германиялық Максимильян Мартерермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Матч дүниежүзілік рейтингте 47-інші орында тұрған М.Мартерердің басымдылығымен өтті.
Неміс теннисшісі бірінші сетті 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде қарсыласын 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Бәсеке көпке созылмай, 1 сағат 13 минутта аяқталды.
Осылайша М.Кукушкин жүлде қоры 584 мың АҚШ долларына жуықтайтын Кицбюэль турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің аталмыш жарысты жеңіспен бастағанын, ал бүгін Юлия Путинцеваның Вашингтон турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).