Осы аптада испандық Рафаэль Надаль әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Екінші орынға британдық Энди Маррей жайғасса, үздік үштікті швейцариялық Роджер Федерер түйіндеп тұр.
Қазақстан намысын қорғайтын Михаил Кукушкин мен Александр Бублик үздік жүздікке жақындады. Рейтингте Кукушкин 102-орынға, ал Бублик 103-орынға орналасты.