Теннис: Кукушкин мен Федерер ракетка түйістіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэвис кубогы жарысының ширек финалында Қазақстан мен Швейцария теннисшілері кездеседі.

Бүгін аталмыш матчта кездесетін спортшылардың жеребесі тартылды. Кортқа алғаш болып Станислас Вавринка мен Андрей Голубев шықса, екінші матчта Роджер Федерер мен Михаил Кукушкин күш сынасады.

Жұптық сайыста Станислас Вавринка мен Роджер Федерерге қазақстандық теннисшілер Евгений Королёв пен Александр Недовесов қарсылас атанады.

Доданың үшінші күнінде Вавринка Кукушкинмен, Федерер Голубевпен ойын алаңында кім мықтыны анықтамақ.

Айта кетейік, бұл кездесу 4-6 сәуір аралығында Швейцарияда өтеді.