Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 97-інші орында тұрған канадалық Вашек Поспишилмен күш сынасты.
М.Кукушкин қарсыласын 6:4, 3:6, 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Төрт партиядан тұрған кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды.
Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, атақты испаниялық теннисші Рафаэль Надальмен кортқа шығады.
Р.Надаль алғашқы матчында Израиль елінің өкілі Дуди Селаны 6:3, 6:3, 6:2 есебімен оңай ұтты.
М.Кукушкин өткен жылғы Уимблдон турнирінде екінші айналымға дейін жеткен болатын. Сондықтан Р.Надальдан жеңіліп қалғанның өзінде ұпайларын жоғалтпауы тиіс.
Әйелдер арасындағы Уимблдон турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-інші ракеткасы Юлия Путинцева поляк қызы, рейтингте 80-інші сатыда тұрған Магда Линетпен шеберлік байқасады.
Өкінішке қарай, Ноттингем турнирінде алған жарақатынан жазылмаған болуы керек, Зарина Дияс осынау айтулы додадан тыс қалды.
00:10, 04 Шілде 2018
Теннис: Кукушкин Уимблдон турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы Надальмен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 77-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.