ТЕННИС: Қызылордалықтар «Oskemen open» турнирінен жүлделі оралды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында теннистен 10-12 жас аралығында жасөспірімдер арасында «Oskemen open» атты республикалық турнир өтті.

Алты облыстың мықты спортшылары қатысқан жарыста қызылордалықтар 3 медаль олжалады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

12 жасқа дейінгі ұлдар арасында сынға түскен Бикет Төрәлиев пен Максим Гражданкин жұптық ойында қола жүлдені еншіледі. 10 жасқа дейінгі қыздар арасында Диана Төлешова микст бойынша және жекелей сында да өнер көрсетіп, 2 қола жүлдені қоржынға салды.

Қызылорда облысының «Нұрсәт» теннис орталығында тәлім алатын спортшыларды жарысқа Ерлан Өмірзақов пен Дмитрий Денисеня дайындады.

Енді олар үстіміздегі жылғы 14-19 қыркүйек аралығында елордада өтетін «Астана Мастерс» турнирінде облыс намысын қорғайтын болады.