Бұл матчта М.Южный бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтса, екіншісінде тай-брейкте (6:7) қарсыласына есе жіберді. Шешуші, үшінші партияда қазақстандық теннисші бірде-бір геймді бермей (6:0), таза жеңді.
Жартылай финалда М.Кукушкин осы турнирдің сәйкесінше екінші және алтыншы ракеткалары, хорват Марин Чиличпен немесе испандық спортшы Томми Робредоның біреуімен шеберлік сынасады.
Еске сала кетейік, өткен жылы Кремль кубогының финалына дейін жеткен М.Кукушкин биыл Шанхайдағы халықаралық турнирде Т.Робредоны да ұтқан болатын.