НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 168-ракеткасы Михаил Кукушкин Марсель ATP 250 турнирін сәтті өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 191-орында тұрған швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен кездесті.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
М.Кукушкин 1 сағат 33 минутқа созылған матчта 2 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Қарсыласы 9 эйс жасағанымен, брейкке қол жеткізе қойған жоқ.
Осылайша М.Кукушкин Марсель ATP негізгі турниріне жолдама алды.
Аталмыш дода 20 ақпан күні мәреге жетеді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Доха турнирінде жекелей және жұптық сында өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, Юлия Путинцеваның
Дубайда негізгі турнирге шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).