НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 90-ракеткасы Михаил Кукушкин Мельбурндағы Murray River Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 81-ракеткасы, аргентиналық Хуан Игнасио Лондеромен өткізді.
Бірінші партияда Х.Лондеро 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде М.Кукушкин есе қайыра алды – 7:5.
Үшінші, шешуші сетті қазақстандық теннисші қарқынды бастап, 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 18 минутқа созылды.
М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 18-інші, осы доданың 1-ракеткасы, швейцариялық Станислас Вавринкамен күш сынасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Мельбурн турниріндегі қарсыластары анықталғанын, Александр Недовесовтің Анталия жарысының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).