НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Анталия 2 челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда венесуэлалық Давид Луис Мартинес – германиялық Даниэль Альтмайермен күш сынасты.
Осы доданың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен Д.Молчанов 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.
А.Недовесов пен Д.Молчановтың жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Жекелей сында тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко аргентиналық Факундо Багниске 1:6, 2:6 есебімен есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.
Бұл – Анталияда челленджер сериясында өтіп жатқан екінші турнир. Бұдан бұрын қазақстандық-украиналық жұп осындай додада жеңімпаз атанған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатының кейінге қалдырылмайтынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).