Финалдық матчта Александр Недовесов испандық теннисші Даниэл Муньос де ла Навамен жұптасып, Фабрис Мартен (Франция) және Пурав Раджаны (Үндістан) 6:2, 7:5 есебімен сүріндірді.
Еске сала кетсек, Александр Недовесов Дэвис Кубогы матчында Италия командасымен кездесуде Қазақстан құрамасына шешуші ұпай әперіп, 1/4 финалға шығарған болатын.