НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Задар челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жұп ширек финалда босниялық Томислав Бркич - хорватиялық Нино Сердарушичпен кездесті.
Бірінші партияда босниялық-хорватиялық жұп айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Екіншісінде қазақстандықтар 6:2 есебімен есе қайырып, тай-брейкте жеңісте жұлып алды - 12:10.
Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.
А.Недовесов пен А.Голубев финалға шығу үшін словакиялықтар Лукаш Клейн - Алекс Молчанмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Майамиде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтқанын, Ярослава Шведованың екінші айналымға шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық жұп Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).