Теннис: Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтанда өнер көрсетеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 қазанда «Барыс Арена» сарайында әлемге әйгілі теннисшілер Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Шара барысында жиналған қаржы қайырымдылыққа бағытталады.Қазіргі таңда билеттерді онлайн сату басталды. Ең төменгі баға - 3 мың теңге, ең қымбаты - 100 мың.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының әлемдік рейтингінде көшбастап тұрған Новак Джокович пен Рафаэль Надаль өзара 54 ресми матч өткізген.

Рафаэль Надаль бұған дейін 2014 жылдың қыркүйегіндеҚазақстан астанасында француз Джо-Вилфред Тцонгқа қарсы демонстрациялық ойынөткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, көп функционалды «Барыс Арена»сарайына 11 626 көрермен сыяды.

Соңғы жаңалықтар