Теннис: Олимпиадалық іріктеуде 4 теннисшіміз жолдамадан үмітті

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасына Қазақстанның атынан төрт теннисші қатысуы мүмкін. «Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, қазірдің өзінде жекелей сында Галина Воскобоева, Михаил Кукушкиннің жолдама алуға мүмкіндігі мол.

Ксения Первактың да жолдамадан дәмесі бар. Алайда оған Ресей тарапы рұқсат беруі керек. Ал Ярослава Шведова жұптық бәсекеде бақ сынауға үмітті. Оның жұбы Воскобоева болуы бек мүмкін.

Халықаралық теннис қауымдастығы Лондонға барар 208 теннисшінің (104 ер,  104 әйел) есімін маусымның 11 күні жариялайды.