ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жапонияның Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде бүгін қазақстандық жиырма жасар Зарина Дияс хорватиялық Ана Конюхпен кортқа шықты.
Зарина он алты жастағы А.Конюхтан бірінші партияда 6:7 есебімен жеңілгенімен, қалған екеуін (6:4, 6:2) ұтып, жартылай финалға шықты.
Зарина Дияс енді соңғы сын - финалға шығу үшін Таиланд елінің өкілі Луксика Кумкхуммен кездеседі. Ширек финалдағы оның қарсыласы, осы турнирдің екінші ракеткасы, америкалық Мэдисон Кис 2:6, 3:4 есебімен жеңіліп жатып, кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).