АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-інші ракеткасы Ю.Путинцева дүниежүзілік рейтингте 68-інші сатыда тұрған жапониялық Наоми Осаканы 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Екінші айналымда қазақстандық теннисші осы турнирдің бесінші, әлемнің 42-інші ракеткасы, украиналық Леся Цуренко немесе рейтингте 55-інші сатыда келе жатқан венгриялық Тимея Бабоштың қай жеңгенімен кездеседі.
Аустралия ашық чемпионаты алдындағы дайындық жарыстарының бірі болып есептелетін Хобарт турнирінің жүлде қоры - 226 750 АҚШ доллары. Бұл жарыс 13 қаңтар күні мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, Ю.Путинцева бұдан бұрын Окленд (Жаңа Зеландия) турнирінің алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 183-інші сатыда тұрған бельгиялық Исалин Бонавантюрдан жеңіліп қалған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).