Теннис көшін бұрынғыша румыниялық Симона Халеп бастап келеді. Даниялық Каролин Возняцки екінші, испаниялық Гарбинье Мугуруса үшінші орында.
Қазақстандықтардан Юлия Путинцева екі саты жоғарылап, 53-інші орынға көтерілді. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы болған Зарина Дияс бір саты төмен түсіп, 54-інші орынға жайғасты. Осылайша Ю.Путинцева Уимблдон турнирі алдында Қазақстанның бірінші ракеткасы атанып отыр.
Еске сала кетейік, «Үлкен дулыға» турнирінің бірі - Уимблдон жарысы ертең басталады. Ю.Путинцева алғашқы айналымда Польша елінің өкілі Магда Линетпен, ал З.Дияс австралиялық Дарья Гавриловамен кездеседі.
Ерлер арасында Қазақстаннан жалғыз қатысатын Михаил Кукушкин канадалық Вашек Поспишилмен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, әлемнің бірінші ракеткасы, атақты испаниялық теннисші Рафаэль Надальмен кортқа шығуы мүмкін.
Рейтинг келесіде осы Уимблдон турнирінен кейін жаңаратын болады.
19:54, 01 Шілде 2018
Теннис: Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Юлия Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.