АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Майами (АҚШ) турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 75-інші ракеткасы Ю.Путинцева рейтингте өзінен бес саты жоғары тұрған румыниялық МоникаНикулескумен кездесті. 1 сағат 29 минутқа созылған матчта М.Никулеску 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Румыниялық спортшы екінші айналымда әлемнің 18-інші ракеткасы, словакиялық Магдалена Рыбариковамен кортқа шығады.
Биыл Тайбэй турнирінде М.Никулеску Зарина Диясты да 6:0, 1:6, 6:4 есебімен ұтқан болатын.
Еске сала кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диястың жүлде қоры 8,6 млн АҚШ долларынан асатын Майами турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).