АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті. Ю.Путинцева 6:3, 7:5 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды.
Бұдан бұрын теннисшілер екі мәрте кездескен болатын. Соның біреуінде қазақстандық теннисші басым түссе, биылғы Аустралия ашық чемпионатында швейцариялық спортшы ұтқан еді. Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 12-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцева екінші айналымға шыққан болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).