НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Юлия Путинцева Осака WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған ресейлік Варвара Флинкпен кездесті.
Ю.Путинцева қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен қиналмай ұтты.
Қазақстандық спортшы ширек финалда осы турнирдің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы, жапониялық Наоми Осакамен шеберлік байқасады.
Бұған дейін екеуі үш мәрте ойнап, соның бәрінде де Юлия ұтқан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Осака турнирінің ширек финалына шыға алмағанын, Михаил Кукушкиннің Санкт-Петербор жарысында жеңісті жолын жалғастырып, Александр Бубликтің алғашқы айналымнан аса алмағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).