Теннис: Путинцева «Ролан Гаррос» чемпионын жеңді
01:36, 13 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің 42-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен турнирде WTA рейтингінің 75-інші орнында тұрған Елена Остапенконы жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетсек,Е.Остапенко «Ролан Гаррос»-тың 2017 жылғы чемпионы.
Үш сеттегі есеп - 6/2,6/7(3), 6/3. Матч 2 сағат 24 минутқа жалғасты. Осы уақытта 24 жастағыПутинцева бес эйс орындады, допты беру кезінде екі рет қателікке бой алдырып,сегіз брейк-пойнтты іске асырды. Ал оның 22 жастағы қарсыласы допты екі реталаңнан асырып берді, қосарланған 15 қателікке жол беріп, төрт брейк жасады.Бұған дейінгі жеке кездесудегі есеп 1:1 болған еді.
Western& Southern Open турниріндегі Путинцеваның келесі қарсыласы америкалықспортшы Слоан Стивенс болады.