Рейтинг кестесінде швейцариялық Роджер Федерер көш бастап тұр. Екінші орында испанялық Рафаель Надаль және үздік үштікті қорытындылайтын хорват спортшысы Марин Чилич. АҚШ-тағы Ирвин қаласында өткен
«Челленджер» сериясының турнирін жеңіп алған қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 89 орыннан 83 орынға көтерілді. ТОП-100 кестесіне жақын қазақстандықтардан әзірге Александр Бублик қана бар. Ол қазір екі саты төмен түсіп 145-ші орынға тұрақтаған.
Фото:Марк Вудс, www.dfwsportsonline.com